1 шілдеден бастап көшеге шығу шектемесі жойылады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда 1 шілдеден бастап көшеге шығу шектемелерінің толық жойылатынын айтты.

1662264
1 шілдеден бастап көшеге шығу шектемесі жойылады

Президент Режеп Тайып Ердоған Кабинет жиналысынан кейін ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Түркияда 1 шілдеден бастап көшеге шығу шектемелерінің толық жойылатынын хабарлады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ковид-19 вакцинасын егуге байланысты:

"Соңғы бір аптада жан санымен салыстырғанда әлемде ең көп вакцина егілген елге айналдық. Нысанамыз бірнеше апта ішінде вакцина егу мөлшерін 18 жастан жоғарғы  азаматтарымыздың барлығына жеткізу" деді.

Сонымен бірге Ковид-19 індетімен күрес аясында Түркия көлемінде бірінші және екінші доза вакцинаны ектіргендер саны Түркия уақытымен сағат 19:57-де 42 миллион 677 мың 214 кісіге жетті.  



Ұқсас жаңалықтар