Түркияда 255 террорист қалды

Министр Сүлейман Сойлу Түркияда ПКК мүшесі террорист саны 255 кісіден азайғанын айтты.

1661602
Түркияда 255 террорист қалды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу ел ішіндегі бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі террористер санының 255-тен азайғанын айтты.

Министр Сойлу Малатияда 26-шы кезекті Полиция Кәсіптік білім беру орталығының оқу тауысу рәсіміндегі сөзінде биыл террористік ұйым ПКК-ға бесеуі Германия, Франция және Грекиядан жалпы 20 терриорист қатысқанын хабарлады.

Бүгін Түркияда ПКК мүшесі террорист саны 255 кісіден азайғанын айтқан Сойлу:

"Террористердің үңгірлерден шыға алмағанын, телефонда жылағандарын, Кандилден құтқарға шақырғандарын білеміз" деді.

Түркияның Республика тарихындағы ең күшті кезеңінде тұрғанына меңзеген Сойлу полиция ұйымының да мойнына алған міндетте тарихындағы ең табысты кезеңінде екенін тілге тиек етті.

Түркияның 3 тақырыпта әлем орташасынан жоғарыда тұрғанын айтқан Сойлу:

"Біздің шетелден келген тұрақсыз көш, террор және есірткі сияқты тақырыптарда әлем орташасынан жоғарыда бір жауапкерлігіміз бар. Құдайға шүкір, әлем орташасынан жоғары бір табыспен осы үш мәселеде ұлтымызды ұялтпадық" деді.



Ұқсас жаңалықтар