Көш келісімі жаңартылуы керек

Хайко Маас Еуропа Одағы мен Түркия арасындағы көш келісімінің жаңартылуын талап етті.

1661900
Көш келісімі жаңартылуы керек

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас Еуропа Одағы мен Түркия арасындағы көш келісімінің жаңартылуын талап етті.

Маас Welt газетіне берген мәлімдемесінде Түркиямен арадағы көш тақырыбындағы ынтымақтастықты жаңарту керектігін білдірді. «Түрік үкіметімен арадағы қиыншылықтарға қарамастан осы елдің едәуір көш жүгін біз үшін арқалап отырғанын қабылдау қажет» деді ол.

Ол Түркияда шамамен төрт миллион Сирия азаматы және басқа да елдердің босқындары бар екенін еске салып: «Еуропа Одағында біздің Түркиямен көш келісімін жетілдіруге және жаңартуға ықыласымыз бар екеніне сенемін» деді.

«Алайда бұл тегін болмайды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар