Түркия вакцина егуде рекорд жаратты

Фахреттин Кожа кеше 1,5 миллионыншы доза вакцинаның бір тәуліктің аяқталуына 2 сағат 17 минут қалғанда егілгенін айтты.

1660375
Түркия вакцина егуде рекорд жаратты

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетімен күрес аясында күндік вакцина егуде 1.5 миллион доза вакцинамен  рекорд жаратылды.

Бұл жаңалықты Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа твиттер арқылы жариялады. 

Кеше 1,5 миллионыншы  доза вакцинаның 24 сағаттың аяқталуына 2 сағат 17 минут қалғанда егілгенін білдірген министр Қожа былай деді: "Бүгін (кеше) 1,5 миллионыншы доза вакцина сағат 21.43-те егілді. Вакцина егу қызметкерлеріміз 2 сағат 17 минут ішінде тағы 82 мың 232 доза вакцина екті. Осылайша соңғы 24 сағат ішінде 1 миллион 582 мың 232 дозаға қол жеткіздік.  Алаңдамаңыздар, қайырлы түн."



Ұқсас жаңалықтар