Ердоған журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Ердоған АҚШ президенті Байденге Түркияның S-400 және F-35 тақырыбында басқаша қадам басуын күтпеуін білдірді.

1659927
Ердоған журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байденге Түркияның S-400 және F-35 тақырыбында басқаша қадам басуын күтпеуін білдірді. 

Әзербайжанның астанасы Бакуде журналисттердің сұрақтарына жауап берген президент Ердоған 14 маусымда Бельгияның астанасы Брюссельде ұйымдастырылған НАТО саммиті аясында АҚШ президенті Байденмен кездескенін мәлімдеді.. Ердоған "Байденге Түркияның S-400 және F-35 тақырыбында басқаша қадам басуын күтпеңіз дедім. Өйткені біз F-35 тақырыбында қолымыздан келгенін істедік" деген сөздер қолданды. 

Террордың нысанасы болған бір одақтастың қасында болудың орнына сол одақтастың террорды таңдауының тарихи қателік екенін баяндаған Ердоған "Террор ұйымына қолдау көрсеткендер, оларды ынталандырғандар қандай үлкен қателік істегендерін ерте немесе кеш бір күні түсінеді" деді. 

Ердоған АҚШ-тың Ауғанстаннан әскерлерді шегергеннен кейін Түркияның бұл жерде тіпті көп жауапкершілігінің болатынын айтты. 

Арменияның қауіпсіздікті арттыратын қадамдар басыуы керектігін білдірген Ердоған "Төселген миналардың карталарын Әзербейжанмен бөлісуі осы жөнінде басылған алғашқа маңызды қадам" деді. 

Президент Ердоған Зангезурский коридоры тақырыбында да "Ресей тарапының кешіктіру ниетінің болғанын ойлаймын. Керісінше жәрдем беруде. Таяуда Ресей президенті Владимип Путинмен кездесемін" деді.  

 



Ұқсас жаңалықтар