Макрон Ердоғанмен кездескісі келеді

Макрон: «Бір-бірімізді көруіміз керек» деді.

1655838
Макрон Ердоғанмен кездескісі келеді

Франция президенті Эммануэль Макрон президент Режеп Тайып Ердоғанмен көзқарас айырмашылықтары болса да, сөйлесуі керек екенін айтты.

Макрон Париждег баспасөз мәслихатында 14 маусым күні болатын НАТО саммиті шеңберінде өзінің Ердоғанмен кездескісі келетінін білдірді. Мұның жақсы нәрсе екенін айтқан Макрон: «Бір-бірімізді көруіміз керек» деді. Ол Ердоғанмен үлкен көзқарас айырмашылықтары бар екенін айтты. «Пікір айырмашылықтары болса да  бір-бірімізбен сөйлесуіміз керек және сөйлесуді жалғастыруымыз қажет» деді ол.

Макрон президент Ердоғанмен НАТО, Сирия, Ливия, Таулы Қарабах және Францияның радикализммен күресін талқылағасы келетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар