Алтын және күміс резерві табылды

20 тонна алтын және 3,5 тонна күміс резерві табылды.

1655512
Алтын және күміс резерві табылды

ТР Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Агры Моллакарада нарықтағы құны 1,2 миллиард долларға жететін 20 тонна алтын, 2,8 миллион долларлық 3,5 тонна күміс резерві табылғанын хабарлады.

Министр Варанк «Коза» алтын кәсіпорнының Моллакарадағы беташарына қатысты.  Базаның 160 миллион долларлық инвестициямен аяқталатынын, Агры қаласының дамуы мен жетілуін жылдамдататынын, алтын өндірісі тақырыбында Түркияның күшіне күш қосатынын айтты.

Бүгін Түркияның әлемдегі санаулы алтын өндірушілері арасында екенін атап көрсеткен министр былтыр пандемияға қарамастан 42 тонна алтын өндірілгенін білдірді.

Варанк Моллакарада нарықтағы құны 1,2 миллиард долларға жететін 20 тонна алтын, 2,8 миллион долларлық 3,5 тонна к.міс резерві табылғанын хабарлады. «Еліміз, аймағымыз және әлем тұрғысынан маңызды оқиға.  Табылған резерв еліміздегі басқа кендермен салыстырғанда бай» деді ол.

Министр аталмыш базаның тікелей 500, жанамалы түрде 2 мың азаматқа жұмыс мүмкіндігін беретінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар