Калын Канададағы опасыз шабуылды айыптады

Ибрахим Калын бірдей жанұядан 4 адам өлтірілген опасыз шабуылды айыптады.

1653863
Калын Канададағы опасыз шабуылды айыптады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Канадада 4 мұсылманды автокөлікпен басып өлтіру оқиғасының «Бұл ойдан шығарылған бір қорқудың жеккөрушілікке, жеккөрушіліктің қастық пен зорлық-зомбылыққа айналуының соңғы үлгісі» екенін мәлімдеді.

Калын Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада көлігін жаяу жүргендерге қарай айдап, 4 мұсылманды басып кеткен күдіктінің «Исламофобиялық мотивтер негізінде әрекет еткені» туралы мәлімдеме жасалғанына назар аударды. Калын «Бұл ойдан шығарылған бір қорқудың жеккөрушілікке, жеккөрушіліктің қастық пен зорлық-зомбылыққа айналуының соңғы үлгісі. Бұл қорқынышты жағдай мен жауыздықты тоқтату керек»  деді.

Канаданың Онтарио штатына қарасты Лондон қаласында 6 маусым күні өз көлігін тротуарда жаяу жүргіншілерге айдаған Натаниаль Вельтман (20 жаста) біреуі 15 жасар қыз бала, бірдей жанұядан 4 адамның өлімі мен 9 жасар бір ер баланың жарақат алуына себеп болған еді.

Вельтман оқиға болған жерден 6 шақырым жерде ұсталып, қамауға алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар