Түркияда бір тәулікте вирустан 112 адам қайтыс болды

Фахреттин Кожа: "Маскаларымыз бетімізді терлеткен соңғы жаз болады" деді.

1650591
Түркияда бір тәулікте вирустан 112 адам қайтыс болды

Түркияда жаңа типті коронавирус індетімен күрес жалғасуда.

Соңғы бір тәулікте коронавирустан 112 адам қайтыс болды. 

Коронавирус басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 47 мың 768 адамға көбейді.

Бір тәулікте 224 мың 150 сынама жүргізіліп, 586 жаңа науқас тіркелді.

Бір күнде 7 мың 181 адамға вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан сауығып шыққан 7 мың 372 адамды қосқанда вирустан сауыққандардың жалпы саны 5 миллион 131 мың 453 кісіге жетті.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Коронавирус Ғылыми Кеңесімен өткізген жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде:

"Маскаларымыз бетімізді терлеткен соңғы жаз болады" деді.

Вирустың арамызда жайылып жүргенін ұмытпауымыз керектігін ескерткен Кожа бұдан кейін азаматтық сақтық шараларының тіпті маңызды екенін, өз шараларымызды жасау арқылы қалыпқа түсуді бастайтынымызды атап айтты. 

Фахреттин Кожа ұлттық вакцина жұмысының жалғасып жатқанын айтып, үшінші мәрте адамдарға сыналатын вакцина үміткерінің жұмыс өнімі ретінде өндірілгенін, соңғы сынақтар жасалғанын, сынақтар табысты болғаннан кейін клиникалық қолданудың басталатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар