Таксим мешіті ғибадатқа ашылды

Президент Ердоған намаздан кейін жұртшылыққа үн қатты.

1647647
Таксим мешіті ғибадатқа ашылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Таксим мешітінің беташарында сөз сөйледі. «Әлемде санаулы жобалар арасында орын алған Таксим мешіті Стамбулдың символдары арасындағы беделді орнын қазірден-ақ алды» деді ол.

Стамбулда іргетасы төрт жыл бұрын қаланған Таксим мешіті президент Ердоған қатысқан жұма намазында ғибадатқа берілді.  Намаздан кейін жұршылыққа үн қатқан Ердоған: «Таксим мешітіміз Стамбулға,  елімізге және Ислам әлеміне қайырлы болсын» деді. «Таксим мешіті жақында ғибадатқа берілген Айя-София мешітіне берілген бір сәлем, Стамбул жеңісінің 568-ші жылдығына сыйлық» деді ол.

2017 жылдың 17 ақпан күні іргетасы  қаланған мешіттің кіре берісінде, еденінде және төбесінде сегіз бұрышты Селчук нақыштары орын алған. 19-ғасыр Бейоғлу архитектурасынан шабыт алған дизайнмен салынған мешітте автобекет, көрме залы, конференция залы, асүй және Цифрлық Ислам кітапханасы бар.



Ұқсас жаңалықтар