Ирактың солтүстігінде 11 террорист залалсыздандырылды

«Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операциялары жалғасуда.

1646695
Ирактың солтүстігінде 11 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде жалғасқан «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операцияларында PKK-лық 11 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада «Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Шимшек» операциясында 10, «Пенче-Йылдырым» операциялық аймағында 1, барлығы 11 PKK-лық террорист құрлық күштерінің атқылауы және батыр арнайы десанттарымыз тарапынан залалсыздандырылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар