Түркияда бір тәулікте Ковид-19-дан 166 кісі қайтыс болды

Бір күнде 221 мың 214 сынама жүргізіліп, 681 жаңа науқас тіркелді.

1646295
Түркияда бір тәулікте Ковид-19-дан 166 кісі қайтыс болды

Түркияда коронавирус індетімен күрес шаралармен бірге жалғасып келе жатыр.

Түркияда соңғы бір тәулікте Ковид-19 індетінен 166 кісі қайтыс болды.

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 46 мың 787 кісіге көбейді.

Бір күнде 221 мың 214 сынама жүргізіліп, 681 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 8 мың 738 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 12 мың 205 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 5 миллион 57 мың 713 кісіге жетті.



Ұқсас жаңалықтар