Аманос тауында PKK-ға тиесілі көптеген қару мен оқ-дәрі тәркіленді

«Эрен-8» Аманос операциясы аясында жерасты қоймалары табылды.

1643336
Аманос тауында PKK-ға тиесілі көптеген қару мен оқ-дәрі тәркіленді

Аманос тауларында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы ұйымдастырылған «Эрен-8» Аманос операциясында анықталған екі жерасты қоймасында көптеген қару мен оқ-дәрі тәркіленді.

Губернаторлық жасаған мәлімдемеде Қалалық Жандармерия қолбасшылығы топтарының Паяс ауданында «Эрен-8» Аманостар операциясы аясында анықтаған 2 жерасты қоймасының іздестірілгенін атап көрсетті.

Мәлімдемеде «Ел көлемінде жүргізілген сәтті операциялардың арқасында жойылуға жеткен бөлшектеуші террор ұйымына қоса үңгірлері, баспаналары мен осында тәркіленген ұйымға тиесілі көптеген қару-жарақ және оқ-дәрі де біртіндеп жойылуда» делінді.



Ұқсас жаңалықтар