Алтун Израиль шабуылын тоқтатуға шақырды

Фахреттин Алтун: Палестиналықтарға әскери және қаржылай қолдау беру үшін халықаралық қорғау механизмі құрылуы керек"  деді.

1642841
Алтун Израиль шабуылын тоқтатуға шақырды

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Иерусалим, Батыс Шерия және Газа Секторында болып жатқан соғыс қылмыстарының жалғыз жауапкері Израильдің дереу тосылуы керектігін айтты.

Фахреттин Алтун Твиттер желісінде жариялаған мәлімдемесінде Израиль мен Палестина арасындағы дағдарысты талқылау үшін бас қосқан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жиналысында баяндама жасаған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның сөздеріне орын берді. 

Фахреттин Алтун мыналарды жазды:

"Израильдің террорлық әрекеттеріне және жаулап алу саясатына қарсы Түркияның тұғыры айқын. Иерусалим, Батыс Шерия және Газа Секторында болып жатқан соғыс қылмыстарының  жалғыз жауапкері Израиль дереу тоқтатылуға тиісті. Палестиналықтарға әскери және қаржылай қолдау беру үшін халықаралық қорғау механизмі құрылуы керек." 



Ұқсас жаңалықтар