"Иерусалим Палестинаның бас қаласы болып қалады"

Фуат Октай мәлімдеме жасады.

1638738
"Иерусалим Палестинаның бас қаласы болып қалады"

Вице-президент Фуат Октай Иерусалимнің Палестинаның бас қаласы болып қалатынын айтты.

Октай Анкарада Ұлт мешітінде айт намазынан кейін мәлімдеме жасады. Ол Израильдің 1947 жылдан бері зұлымдық жасап келген террор мемлекеті екенін айтты. «Иерусалим - палестиналықтардікі, Палестина тәуелсіз ел болады» деді ол.

Октай бірнеше күннен бергі Израиль шабуылдарына әлемнің үнсіз қалғанын айтып: «Иерусалимнің Израильдің бас қаласы екенін күштеп қабылдаттырғысы келгендер осы зұлымдыққа серік деп есептеледі» деді.

Ол Әл-Ақса мешітінде палестиналықтарға жасалған шабуылға да наразылық білдіріп: «Израиль мемлекеті терроризм еліне айналды. Құдай қаласа зұлымдық бітеді. Не істесе де,  Әл-Ақса – мұсылмандардікі, палестиналықтардікі» деді.



Ұқсас жаңалықтар