Министр Чавушоғлу Сауд Арабиясына барады

Чавушоғлу сапары аясында сауд әріптесі ханзада Файсал ибн Фархан ибн Абдуллах әл-Саудпен бас қосады.

1637398
Министр Чавушоғлу Сауд Арабиясына барады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 10-11 мамыр күндерінде аймақтық және өзара қарым-қатынастарды талқылау үшін Сауд Арабиясына барады.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Құрметті министріміз сапары барысында сауд әріптесі ханзада Файсал ибн Фархан ибн Абдуллах әл-Саудпен бас қосып, өзара қарым-қатынастарға қоса, аймақтық мәселелерді талқылайды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар