Шентоп ИЫҰПО-ның Израильді айыптайтын декларациясын жариялады

Ислам ынтымақтастық ұйымы парламенттік одағы (ИЫҰПО) Израильді айыптайтын бір декларация жариялады.

1636759
Шентоп ИЫҰПО-ның Израильді айыптайтын декларациясын жариялады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Ислам ынтымақтастық ұйымы парламенттік одағы (ИЫҰПО) ТҰҰМ-ның бастамасымен Израильдің палестиналық мұсылмандарға жасаған шабуылдар мен зұлымдықты айыптайтын бір декларация жариялады.

Шентоп Твиттерден жасаған хабарламасында ИЫҰПО-ның ағылшын және араб тілдерінде ортақ жариялаған декларациясына орын берді.

Мәжіліс төрағасы Шентоп хабарламасында ИЫҰПО-ның декларациясындағы «Иерусалим және қасиетті орындарымыз біздің қызыл сызығымыз. Израильдің Иерусалимнің және Акса мешітінің мәртебесін өзгертуді мақсат еткен шабуылдаушы операцияларын, Палестина халқының заңды құқығын бұзу бастамаларын үздіксіз айыптауды жалғастырамыз» деген ескертуге назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар