Вакцинаны қызғану - қате

Президент Стамбулда мәлімдеме жасады.

1636118
Вакцинаны қызғану - қате

Президент Режеп Тайып Ердоған: «Мысыр халқымен тарихи тамырластығымызды қайта қалау ниетіндеміз» деді.

Президент Стамбулда мәлімдеме жасады. «Мысыр халқына ұстанымымыз өте жақсы.  Мысыр халқы мен түрік ұлтының тарихи тамырластығы бар.  Дұшпан емес, дос ретінде Мысыр халқымен байланысты қайта құру ниетіндеміз» деді ол.

Президент Ердоған Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өнал және Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасары Хамди Санад Лоза басшылығындағы кездесуді еске салып: «Жаңа процесс басталды. Осы процесті кеңейтіп жалғастырамыз» деді.

Режеп Тайып Ердоған коронавирус вакциналарының авторлық құқығына байланысты да «Ғылым – барша адам баласының мұрасы.  Ғылымда қызғаншақтық болмайды.  Осы тақырыпта адам баласының денсаулығына байланысты «вакцинаны біз өндірдік, ешкімге бермейміз» деген көзқарас – қате» деді.



Ұқсас жаңалықтар