Армян террористтер шейіт еткен дипломат Бостонда еске алынды

Армян террор ұйымының опасыз шабуылында шейіт етілген түрік дипломат Орхан Гүндүз Бостонда еске алынды.

1634612
Армян террористтер шейіт еткен дипломат Бостонда еске алынды
abd diplomat orhan gunduz.jpg
abd diplomat orhan gunduz.jpg
abd diplomat orhan gunduz.jpg
abd diplomat orhan gunduz.jpg

АҚШ-та Түркияның Бостон құрметті консулы болып міндет атқарған кезде 39 жыл бұрын армян террор ұйымы «JCAG» тарапынан шейіт етілген дипломат Орхан Гүндүзді еске алу бағдарламасы ұйымдастырылды.

Түркияның құрметті Бас консулы Орхан Гүндүзді Сомервильде көлігіне мініп бара жатқанда атылған көше мен Форест-Хиллдегі қабірі басында еске алды.

Бостон Бас консулдық қызметкерлері және Түрік-американдық қауымдастығы қатысқан еске алу бағдарламасында сөз алған Бостон бас консулы Джейлан Өзен Эришен Гүндүздің өмірі туралы ақпарат беріп, дипломатқа жасалған опасыз шабуылдың құқық және әділетпен ешқандай үйлесімді болмайтынын мәлімдеді.

Түрік-Американ қоғамы шейіт дипломаттың армян террор ұйымы тарапынан өлтірілуін айыптайтын хабарлама мен фотосуреттерді әлеуметтік медиа арқылы кең бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар