Чавушоғлу Нежла әль-Менгушпен кездесті

Чавушоғлу Түркияның түбегейлі бейбітшілік, тұрақтылық пен байлық үшін еңбек еткенін айтты.

1633226
Чавушоғлу Нежла әль-Менгушпен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Ливияның тұтастығы, егемендігі, тәуелсіздігі мен саяси тұтастығын қорғауға мән беретінін айтты.

Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен барған Ливияның астанасы Триполиде екі жақтылы кездесулерден кейін әріптесі Нежла әль-Менгушпен ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Мевлүт Чавушоғлу мықты делегациямен Ливияға бару мақсатының Президенттік Кеңеске және Ұлттық Бірлік үкіметіне қолдауды қайталай дәріптеу екенін айтты.

"Түркия Ливияның тұтастығы, егемендігі, тәуелсіздігі және саяси тұтастығын қорғауға мән беретінін айтқан Чавушоғлу Түркияның түбегейлі бейбітшілік, тұрақтылық пен байлық үшін еңбек еткенін білдірді.

Мевлүт Чавушоғлу:

"Ливиялық бауырластарымыздың жақсы және жаман күндерінде қасында боламыз және кездесулерімізді арттырамыз" деді.

Ливия Сыртқы істер министрі Нежла әль-Менгуш Түркияның басынан бері ливиялықтардың қасында болғанын және ерекше қолдау бергенін айтты.

Нежла әль-Менгуш Түркияны ынтымақтастық жасауға шақырғанын, экономикалық байланыстарды дамытуды қалайтындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар