Түркия Сомалидегі сайлау шешіміне ризашылығын білдірді

Түркия осы аяда мықты қолдауын жалғастырады.

1632142
Түркия Сомалидегі сайлау шешіміне ризашылығын білдірді

Түркия Сомали парламентінің төменгі палатасы болып табылатын Федералды Мәжілістің кешегі отырысында жалпыхалықтық сайлауды 17 қыркүйекте қабылданған келісім негізінде мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде өткізу туралы ұстанымды құптағанын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде бұл жаңалықтың саяси мүдделестер арасында сындарлы келіссөздерді қайта бастау және пікір айырмашылықтарын жою арқылы әлеуметтік келісім негізінде ілгерілеуге үлес қосатынына үміт білдірілді.

Мәлімдемеде «Әрдайым дос және бауырлас Сомали халқының жанында болатын Түркия осы аяда мықты қолдауын жалғастырады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар