Шахин Түркияға вакцина жолдайтындарын айтты

Угур Шахин Түркияға маусымда 30 миллион доза вакцина жолдауды жоспарлағандарын хабарлады.

1630230
Шахин Түркияға вакцина жолдайтындарын айтты

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакцинасын жетілдірген Германия биотехнология компаниясы BioNTech құрушы ортағы Профессор доктор Угур Шахин Түркияға көбірек вакцина жолдауды қалайтындарын, алайда алдымен бұл вакциналарды өндіру керектігін айтты.

Угур Шахин Германияда Шетелдік Журналистер қоғамының (VAP) видеолы баспасөз мәслихатында Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожамен апталардан бері кездесу өткізгендерін ескертіп:

"Қазір алғашқы дозаны тапсырдық. Түркияға тіпті көп вакцина жолдауды кеңесудеміз. Бұл үшін өндіріс күшімізді арттыруымыз керек. Жоспар бойынша маусым айында 30 миллион доза вакцинаны Түркияға жолдау ниетіндеміз. Шілде мен тамызда тіпті көп доза вакцина жолдауымыз мүмкін" деді. 



Ұқсас жаңалықтар