Түркия шекарасында бір террорист ұсталды
Шанлыурфаның Суруч ауданында Сириядан заңсыз жолдармен Түркияға кіруге тырысқан бір PKK/YPG-лік террорист ұсталды.
1629863
Ұлттық қорғаныс министрлігі Шанлыурфаның Суруч ауданында Сириядан заңсыз жолдармен Түркияға кіруге тырысқан бір PKK/YPG-лік террористтің ұсталғанын білдірді.
Ұлттық қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде "Шекарамызда заңсыз әрекеттермен күресу жалғасуда. Шанлыурфаның Суруч ауданындағы шекара әскерлеріміз заңсыз жолдармен Сириядан елімізге кіруге тырысқан 1 кісіні ұстап алды. Ұсталған адамның PKK/YPG террор ұйымының мүшесі екені анықталды" деген сөздер қолданылды.