Түркияда бір тәулікте 353 адам қайтыс болды

Ердоған коронавируспен күрес аясында 29 сәуір-17 мамыр арасында ел көлемінде "толық шектеме" атқарылатынын хабарлады.

1628798
Түркияда бір тәулікте  353 адам қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирустан 353 адам қайтыс болды. 

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 38 мың 711 кісіге көбейді.

Бір күнде 268 мың 893 сынама жүргізіліп, 2 мың 716 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 37 мың 312 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 48 мың 27 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 4 миллион 121 мың  671 кісіге жетті.

Сонымен бірге президент Режеп Тайып Ердоған коронавируспен күрес аясында 29 сәуір-17 мамыр арасында ел көлемінде "толық шектеме" атқарылатынын хабарлады. 



Ұқсас жаңалықтар