Ердоған Чад халқына көңіл айтты

Ердоған Чад Республикасының президенті Идрис Деби Итноның қайтыс болуына орай Чад халқына көңіл айтты.

1626726
Ердоған Чад халқына көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Чад Республикасының президенті Идрис Деби Итноның қайтыс болуына орай Чад Әскери уақытша кеңесінің төрағасы Махамат Итноға көңіл айтты.

Президенттік сарайдың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде Ердоған кездесуде Чад Республикасының президенті Идрис Деби Итноның қайтыс болғанына қатты қайғырғанын жеткізіп, Чад Әскери уақытша кеңесінің төрағасы Махамат Итноға, марқұмның отбасындағыларға және Чад халқына көңіл айтқаны хабарланды.

Марқұм Итноның Түркия мен Чад арасындағы достық пен бауырластықты бекемдеуге есе қосқанын айтқан Ердоған Түркияның осы қиын кезеңінде Чад халқының қасында болуды жалғастыратынын жеткізді.  



Ұқсас жаңалықтар