Түркияда халық санының 27,2 пайызы - балалар

Түркия Статистика мекемесі 2020 жылдың балалар деректерін жариялады.

1624935
Түркияда халық санының 27,2 пайызы - балалар

Түркияда бала тұрғын саны 22 миллион 750 мың 657.

Түркия Статистика мекемесі 2020 жылдың балалар деректерін жариялады.

Адреске негізделген тұрғын санақ жүйесінің нәтижесіне қарағанда, Түркияның барлық халық саны былтырғы жылдың аяғында 83 миллион 614 мың 362 болды.  Олардың ішінде 22 миллион 750 мың 657 бала тіркелді.

Еуропа Одағына мүше 27 елдің балалар саны қолға алынғанда,  2020 жылы балалар санының мөлшері ЕО-да орташа 18,2 пайыз болды. Еуропа Одағына мүше елдер арасында балалар саны ең көп елдер кезегімен Ирландия (24,2%), Франция (21,6%) және Швеция (21,1%)

Балалар мөлшері ең төмен елдер болса кезегімен Италия (15,8%), Малта (15,9) және Германия (16,4).

Түркияның балалар саны мөлшері 27,2 пайыз.

Осы арада Түркияда жаңа туған сәбилерге берілген ең таңдаулы ер бала есімдері – Юсуф, Эймен және Мұстафа. Қыз балаларға берілген есімдер болса Зейнеп, Асел және Элиф.

Айырықша 0-17 жас арасындағы балаларда ең көп қолданылған еркек есімдері Юсуф, Мұстафа және Демир, қыз балаларда Зейнеп, Элиф және Түлин.



Ұқсас жаңалықтар