Президент Ердоған министр Чавушоғлуға алғысын білдірді

"Сыртқы істер министрімізге Дендиаспен өткен жиналысында қайтарған жауабы үшін алғыс айтқым келеді".

1625698
Президент Ердоған министр Чавушоғлуға алғысын білдірді

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуға Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиаспен өткен жиналыста қайтарған жауабы үшін алғыс айтты.

Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) отырысындағы баяндамасында өткен аптада Анкарада болған Грекия Сыртқы істер министрінің әріптесі Мевлүт Чавушоғлумен өткізген баспасөз мәслихатына тоқталды.

Ердоған «Сыртқы істер министрімізге Грекияның сыртқы істер министрімен кездесу кезінде қайтарған жауабы үшін алғыс айтқым келеді. Ешқашан бас имейміз, түзу жүреміз. Біздің ұлтымыз ешқашан мойнында осындай құлдық шынжырымен өмір сүре алатын халық емес» деді.

Чавушоғлу Дендиаспен өткізген баспасөз жиналысында «Біз бұл алғашқы кездесудің одан әрі жағымды ортада өткенін қалайтынбыз. Бірақ Никос Дендиас өз сөзінде өкінішке орай еліме бағытталған өте орынсыз айыптаулар жасады. Алдымен Түркияның Грекияның егемендік құқығын бұзғанын айтты. Біз мұны қабылдай алмаймыз. Түркия Республикасы өз құқығын әсіресе Жерорта теңізінің шығысында Кипр түрік халқының құқығымен бірге қорғауға қабілетті. Сондай-ақ басқан қадамдарымыз құқығымызды қорғауға бағытталады. /.../ Егер сіз осы жерге келіп, Түркияны айыптайтын болсаңыз, мен де бұларға жауап қайтаруға міндеттімін. Сондай-ақ, Түркияда біз понтилік православ азшылықты «понти православ» деп қабылдаймыз. Дегенмен сіз «мен түрікпін» деген қоғамды «жоқ сен түрік емессің, сен жай мұсылмансың» дегеніңіз не адамгершілікке, не болмаса халықаралық заңдарға қарама-қайшы» деді.



Ұқсас жаңалықтар