Түркияда вакцинаның бірінші сатысы басталады

Президент орынбасары Фуат Октай жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індетіне қарсы Түркияда тағы бір вакцинаның сатысына басталатынын айтты.

1624696
Түркияда вакцинаның бірінші сатысы басталады

Фуат Октай Йозгатта жергілікті телеарнаның тікелей эфирінде жасаған мәлімдемесінде жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індетіне қарсы қазір 18 ұлттық вакцина жұмысының жасалып жатқанын және бұлардың жетісінен үміт күткенін айтты. 

Октай 7 вакцина ішінде төртеуінің іске қосылу сатысында екенін білдірді. 

Кайсери Эрджиес Университетінің профессоры Айкут Өздарендели тарапынан жасалған вакцинаның клиника сатысы болған үшінші сатысын таяуда  жүзеге асыратынын түсіндірген Октай былай деді: "Бүгін де  хабарымыз бар. Селчук Университінінің профессоры Осман Эргениш тарапынан жасалған вакцинаның клиника қарсаңы сатысын тамамдағанын және бірінші сатысына басталатынан хабар алып отырмыз.  Алла бұйырса сәрсенбі күні(ертең) бірінші сатысы іске қосылатын болады".

 



Ұқсас жаңалықтар