Түркияда вакциналау бағдарламасы жалғастырылуда

Денсаулық сақтау министрі мәлімет берді.

1624052
Түркияда вакциналау бағдарламасы жалғастырылуда

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияда коронавируспен күрес шеңберінде 20 миллионнан астам доза вакцина егілгенін білдірді.  Ол вакциналау бағдарламасының бар қарқынмен жүргізіліп отырғанын айтты.

Министр әлеуметтік желіде: «Бүгінгі деректерге сай, 20 миллионнан астам доза вакцина салынды.  Үлкендеріміз және созылмалы ауруы бар науқастарды алдымен қорғауға алуға тырыстық. Вакциналау бағдарламасы барлық қиыншылықтарға қарамастан жалғастырылады» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар