Президент Ердоған Ұлт кітапханасында жастармен бас қосты

Ердоған «Кітапхана сұхбаттары» тақырыпты бағдарламада жастардың сұрақтарына жауап қайтарды.

1621359
Президент Ердоған Ұлт кітапханасында жастармен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Канал Стамбул» жобасымен байланысты «Осында өз тәуелсіздігімізді, егемендігімізді толық орнататын бір туынды жасаймыз» деді.

Ердоған «Кітапхана сұхбаттары» атты іс-шара аясында Ұлт кітапханасында жастардың сұрақтарына жауап қайтарды.

Ердоғанға «Канал Стамбул» жобасының Түркияға қандай пайда әкелетінін және «Монтре бұғаздардың мәртебесі туралы конвенциясынан» бас тартылып тартылмайтынын сұрады.

Ердоған «Канал Стамбул» жобасының Монтре келісімімен байланысы жоқ екенін атап, «Бұл жер 42-43 шақырым ұзындығында бір канал. Бұл канал Қаратеңізді Мәрмәр теңізімен байланыстырады. Осыған қоса Қаратеңіз бен Мәрмәр тарапында күтуі мерзімдері біздің еркімізде. Мұның Монтре келісіміне алыс-жақын қатысы жоқ. Монтре Босфор бұғазымен байланысты бір конвенция болатын. Сондықтан осында өз тәуелсіздігімізді, өз егемендігімізді орнататын бір туынды салынады» деді.

«Канал Стамбул» жобасының Түркияны қауіпсіз және тыныш бір елге айналдыратынын, Стамбулды болса одан көп байытатынын тілге тиек еткен Ердоған Босфор бұғазының болса қоршаған орта тұрғысынан маңызды мөлшерде тыныс алатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар