Чавушоғлу Ауғанстан сыртқы істер министрімен сөйлесті

Әңгіме барысында министрлер Стамбұл Конференциясы тақырыбын қолға алды.

1619557
Чавушоғлу Ауғанстан сыртқы істер министрімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ауғанстан сыртқы істер министрі Ханиф Атмармен телефонда сөйлесті.

Әңгіме барысында министрлер Стамбұл Конференциясы тақырыбын қолға алды. 

Түркия Ауғанстанда бейбітшілік процесі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы және Катармен бірге Ауғанстан тараптарымен байланыс жасауда. 

Сыртқы істер министрлігі Стамбұлдағы жиналыс үшін қатысатын елдер, өкілдердің деңгейі және қатысу жүйесі жайлы жұмыс істеуде. Сонымен қатар жиналыстағы тақырыптармен байланысты тараптармен ақылдасуда. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ауғанстан және Катар сыртқы істер министрлерімен қатар қатысты елдердің жоғарғы лауазым иелерімен де телефонда сөйлесуде. 

 



Ұқсас жаңалықтар