Түрік пилотсыз ұшақтары АҚШ-ты алаңдатуда

«Bayraktar TB2» қарулы пилотсыз ұшақтарының соғыс тактикасын өзгертуі АҚШ-ты жаңа ізденістерге итермелеуде.

1612582
Түрік пилотсыз ұшақтары АҚШ-ты алаңдатуда

Түркия жетілдірген «Байрактар TB2» отандық қарулы пилотсыз ұшағының табысы мен елдерді соғыс тактикасын өзгертуге бағыттауының Америка Құрама Штаттары (АҚШ) армиясын да бұл бағытта жаңа ізденістерге итермелегені білдірілді.

Foreign Policy журналы Таулы Қарабахта пилотсыз ұшақтардың Арменияның әуе қорғаныс жүйелері мен ауыр сауытты күштерін залалсыздандырғаны, осы себептен дамыған елдердің жұмыс істемей қалған соғыс тактикасын қайта құруға мәжбүр болғаны туралы хабарлады.

Мақалада АҚШ армиясының енді Қытай сияқты қарсыластарына қарсы сөзсіз әуе үстемдігінен пайдалана алмайтындығы, табысы төмен елдердің дрон сияқты арзан көліктермен көптеген дұшпан әскерін өлтіре алатыны баса айтылды.

АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Марк Эсперге қарағанда американдық қорғаныс жоспарлаушылар экипажсыз кемелер үшін зерттеу және инженерлік инвестицияларын арттыра бастады.

Әскери-теңіз күштері мен Теңіз әскери қолбасшылықтары осы айда экипажсыз жүйелерді пайдалануға арналған жол картасын жариялады.

Мақалада пікірлеріне орын берілген АҚШ армиясының Асимметриялық соғыс тобы бұрынғы басшысы, полковник Скотт Шау пилотсыз ұшақтардың уақыт өткен сайын «әуе танктеріне» одан көп ұқсайтынын атап, пилотсыз ұшақтар үшін «Қиратушы соққылар енгізетін бронды жануарлар және оларды жою қиындаған сайын, жердегі сарбаздарды өлтіруі жеңілдеп, соғыс майданын күзету арзанға түседі» деді.

Таулы Қарабахтағы соғыстың бірнеше сағаттық бейнежазбаларын қараған соң АҚШ армиясының тиісті бөлімшелеріне оқу-жаттығуларын жалғастырғанын атап айтқан Шау «Бұл жағдай АҚШ сияқты маневрлік соғыс үшін жаңа қиындықтар туғызады» деді.



Ұқсас жаңалықтар