Президент Ердоған Түрік кеңесінің саммитінде сөз сөйледі

Ердоған армян оккупациясынан азат етілген Әзербайжанның Шуша қаласына баруды жоспарлағанын білдірді.

1612225
Президент Ердоған Түрік кеңесінің саммитінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған армян оккупациясынан азат етілген Әзербайжанның Шуша қаласына баруды жоспарлағанын білдірді.

«Қысқа уақытта Ораза айттан кейін Шушаға барып, Шушада мереке тойлайық деп тілеп отырмыз» деді ол.

Президент Ердоған Түрік кеңесінің Мемлекет басшылары саммитіне Стамбулдан онлайн қатысты.  Президент осында сөйлеген сөзінде «Бүгінгі күні әлемде болып жатқан оқиғалар Түрік кеңесі секілді ынтымақтастық құрылымдарының маңызын арттыра түсті.  Он екі жылдық процесс ішінде ұжымдасуын тамамдаған Түрік кеңесінің халықаралық беделі де жоғары.  Енді кеңесіміз халықаралық ұйым ретінде аталуының уақыты келді деп сенемін» деді.

«Әзіз бауырым Ильхам Әлиевті, барша әзербайжандық бауырларымды Таулы Қарабахтағы жеңісімен тағы бір рет құттықтаймын» деді ол.

Ердоған: «Қарабахтағы түрік жәдігерлерінің қорғалуы және жаңалануы үшін барлық мүмкіндіктерімізбен Әзербайжанның жанында болуымыз өте маңызды. Ең қысқа уақытта Ораза айттан кейін Шушаға барып, қайтадан тойлайық» деді.

Кипр тақырыбына да тоқталған президент Ердоған: «Күшімізді бірлестіріп, Кипр түріктерін өздеріне лайықты тұғырға келтіреміз деп сенемін» деді.

Ердоған Түрік кеңесінің 8-ші кезекті саммитін де коронавирус эпидемиясы шарттарында мүмкіндігінше 12 қараша күні Стамбулда өткізуге үмітті екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар