Ашраф Ғани Чавушоғлун қабылдады

Чавушоғлу: "Стамбұл жиналысының бейбітшілік кездесулеріне есе қосуы үшін көзқарас алмастырдық. Ауған бауырластарымызбен ақылдасуды жалғастырамыз" деді.

1611438
Ашраф Ғани Чавушоғлун қабылдады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу "Азияның жүрегі-Стамбұл 9-шы Министрлер конференциясы" үшін барған Тәжікстанда Ауғанстан президенті Ашраф Ғани тарапынан қабылданды.

Мевлүт Чавушоғлу кездесу жайлы Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде Ауғанстанда бейбітшілік процесінің шұғыл кезеңінде Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен Душанбеде бас қосқанын хабарлады.

Мәлімдемесінде Ауғанстанда бейбітшілік процесіне байланысты Стамбұлда сәуір айында өткізілетін жиналысқа тоқталған Чавушоғлу:

"Стамбұл жиналысының бейбітшілік кездесулеріне есе қосуы үшін көзқарас алмастырдық. Ауған бауырластарымызбен ақылдасуды жалғастырамыз" деді. 



Ұқсас жаңалықтар