Террористердің қару-жарақтары қолға түсірілді

Террористік ұйымдар ПКК/PYD/YPG мүшелерінің көптеген қару-жарақтар мен бомба материалдары қолға түсірілді.

1610095
Террористердің қару-жарақтары қолға түсірілді

Террористік ұйым ПКК-ның Сириядағы қанаты PYD/YPG-нің Сирияның солтүстігінде шабуыл жасау үшін Манбиджге апаруға талпынған көптеген қару-жарақ пен бомба материалдары қолға түсірілді.

Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Полиция ұйымының Барлау басқармасы мен террормен күрес кеңсесінің ұйымдастыруымен Сирия Міндет күшінің Азезде жасаған операциясында танк жоюшы аталған 2 TOW зымыраны, 24 Калашников мылтығы, мерген мылтығы, 200 ату капсуласы қатарлы көптеген қару қолға түсірілгені білдірілді. TOW зымырандарының Сирияда операциялар жасаған Түрк Қарулы Күштеріне қарсы жиі қолданылғаны ескертілді.

Операцияда сириялық екі адам ұсталды, олардың мойындауында террористік ұйымдар ПКК/PYD/YPG мүшелеріне қару жеткізу жолында ұсталғандарын айтқан. 



Ұқсас жаңалықтар