Чавушоғлу Душанбеде іскерлермен бас қосты

Мевлүт Чавушоғлу "Азияның жүрегі-Стамбұл процесі 9-шы Министрлер конференциясына" қатысу үшін Тәжікстанға барды.

1610098
Чавушоғлу Душанбеде іскерлермен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен барған Тәжікстанның астанасы Душанбеде түрік іскерлермен бас қосты.

Министр Мевлүт Чавушоғлу түрік істерлермен кездесуінде Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне сапарлай барғанын, артынан Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездескенін айтып, қарым-қатынастарды дамытуды, Орталық Азияға және Түркі әлемімен кездесулерді арттыруды қалайтындарын білдірді.

Чавушоғлу Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде:

"Душанбеде алдымен Тәжікстанмен қарым-қатынастарымызға маңызды есе қосқан іскерлермен ынтымақтастық мүмкіндіктерін бағаландырдық" деді. 
Министр Мевлүт Чавушоғлу Тәжікстан мен Ауғанстанның тең төрағалығында өтетін "Азияның жүрегі-Стамбұл процесі 9-шы Министрлер конференциясына" қатысу үшін Тәжікстанға барды. 



Ұқсас жаңалықтар