"Диярбакыр аналарымен кездесуге барамын"

«Түркия былай тұрсын, әлемде мұндай бір партия жоқ»

1607554
"Диярбакыр аналарымен кездесуге барамын"

Президент Режеп Тайып Ердоған балаларын бөлшектеуші террор ұйымы PKK алып қашқан Диярбакыр аналарын көруге баратынын білдірді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының Үлкен 7-ші құрылтайына қатысу үшін келген Анкара спорттық кешенінде ашық аспанда күткен партия мүшелеріне үн қатты.

Үндеуінде партиясына тіркеулі 1 миллионнан астам жас, шамамен 5 миллионнан астам әйел барлығы 13 миллион 500 мың мүшесі бар екенін атап көрсеткен Ердоған «Түркия былай тұрсын, әлемде мұндай бір партия жоқ» деді.

Баяндамасында балаларын PKK алып қашқан Диярбакыр аналарына тоқталған Ердоған «Құдай қаласа, Диярбакырда көзіне жас алған аналарымызбен кездесуге барамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар