Чавушоғлу Лютпен бас қосты

Чавушоғлу Лютпен Кипр тақырыбында сәуір айында өтетін бейресми жиналыстың дайындықтарын талқылағандарын білдірді.

1606199
Чавушоғлу Лютпен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің Кипр арнайы ақылшысы Джейн Холл Лютпен астана Анкарада бас қосты. 

Кездесу жайлы Твиттер желісіне жазған Чавушоғлу Лютпен Кипр тақырыбында сәуір айының соңында Швецарияның Женева қаласында ұйымдастырылатын 5+1 үлгісіндегі бейресми жиналыстың дайындықтарын талқылағандарын білдірді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

"Кипрде барлық тараптарға пайдалы, жалғастыруға болатын және шынайы шешім-екі елдің егемендік теңдігін негіз еткен ынтымақтастық" деді.   



Ұқсас жаңалықтар