Грекия иммигранттарды теңіздің ортасында өлімге тастап кетті

Грекия жағалау күзетшілері иммигранттарды құтқару күртешесіз, қолдары байлаулы теңіздің ортасына тастап кетті.

1604693
Грекия иммигранттарды теңіздің ортасында өлімге тастап кетті

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Грекия жағалау күзет бөлімшесінің 7 иммигранттың қолдарын пластикалық кісенмен байлап, құтқару күртешесіз және қайықсыз теңіздің ортасында өлуге тастағанын мәлімдеді.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Сойлу өзінің әлеуметтік аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Грекия жағалау күзет бөлімшесі бүгін түнгі уақытта 7 босқынды ұрып-соққан соң заттарын тартып алып, қолдары пластикалық кісенмен байлаулы, құтқару күртешесіз және қайықсыз теңіздің ортасына өлтіру мақсатты тастады. Теңіз күзету жасақтарымыз (жергілікті уақытпен) сағат 02.55-те 2 босқынды тірі құтқарды, бір адамның мәйіті судан табылды. Жоғалған босқындардың мәйіттерін іздестіру жұмыстары жалғасуда» деді.

Министр Сойлу Түркияның жағалау күзет бөлімшесінің иммигранттарды қалай құтқарғанының бейне көрінісін де бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар