"Түркия эпидемиядан кейін ең маңызды өндіріс орталығы болады"

Фуат Октай «Ел стратегиясы Түркия жиналысында» сөз сөйледі.

1603444
"Түркия эпидемиядан кейін ең маңызды өндіріс орталығы болады"

Вице-президент Фуат Октай Түркияның коронавирус эпидемиясынан кейін ең маңызды өндіріс орталықтарының бірі болатынын айтты.

Фуат Октай кеше Әлемдік Экономикалық форум шеңберінде онлайн өткен «Ел стратегиясы Түркия жиналысында» сөз сөйледі.

Октай сөзінде президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында Түркияның медицина, әлеуметтік қауіпсіздік, цифрлану және өндіріс секілді барлық салада экономикасының табысты болғанын және эпидемиямен күресте әлемге үлгі болғанын білдірді. «Түркия мен Қытай болымды жағынан дамыған кезде,  басқа дамыған елдердің экономикасы нашарлады» деді ол.

Ковид-19 вакциналау жұмыстарында Түркияның әлемде алғашқы бестікте орын алғанын атап көрсеткен вице-президент сонымен бірге көмекке мұқтаж елдерге көмек бергенін білдірді. Ол инвестиция атмосферасын жетілдіру мақсатында да қажетті қадамдардың басылғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар