Лаңкестіктердің алды алынды

Ішкі істер министрі жаңа жылдан бері 26 террорлық лаңкестіктің алды алынғанын білдірді.

1603978
Лаңкестіктердің алды алынды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу жаңа жылдан бері 26 террорлық лаңкестіктің алды алынғанын білдірді.

Министр 18 наурыз Шейіттерді еске алу және Чанаккале жеңісінің 106 жылдығына орай Анкарада бір жиналысқа қатысты. Ол 40 жылдан бері лаңкестік жасап келген PKK террорлық ұйымның ел ішіндегі террорист санының бірінші рет 300-ден азайғанын айтты.

Министр Сойлу берілген террорист санының ұйымға қосылғандардың санынан бес есе көп екенін айтты. «Терроризмге қарсы барлық операцияларымызда жылдың басынан бері 121 террорист залалсыздандырылды. Террорлық ұйымның 26 лаңкестігінің алды алынды. Тіпті біріне бүгін таңертең кедергі болдық» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар