Президент Ердоған партиясының жастар құрылтайында үн қатты

Ердоған үлкен және мықты Түркияны қалыптастырғанда жастарға сенгенін білдірді.

1601662
Президент Ердоған партиясының жастар құрылтайында үн қатты

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған Анкарада партиясының жастар құрылтайы кезекті 6-шы жиналысында үн қатты. Ердоған жастарға арналған баяндамасында «Саяси бір партияның жас қанатының мүшелері ғана емессіңдер. Сіздер үлкен және мықты бір Түркияның болашақ көшбасшылары және мұрагерлері болғаныңызды ұмытпаңыз. Сіз Иерусалимде, Кут-үл Амареде бар едіңіздер. Балкан, Чанаккале, Галицияда тағы болдыңыздар. Сакарияда, Думлупынарда, Измирде тағы сіз жастар бар едіңіз» деді.

Президент жастардың әр салада Түркияның дамуына үлкен үлес қосқанын атап «Бөлшектеушілерге қарсы бірлігіміздің, шабуылдаушыларға қарсы қайта құру мен өрлеу қозғалысының кепілі болдыңыз. Жастар - Түркияның келешегі. Елдің болашағын өз армандарының алдына қоятын жастар болған сайын Түркияны қасиетті жолынан ешкім айныта алмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар