Отандық вакцинада мақсат- жылдың аяғы

Министр Варан Түркиядағы вакцина жұмыстарына байланысты мәлімет берді.

1601658
Отандық вакцинада мақсат- жылдың аяғы

ТР Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк жылдың аяғына дейін отандық коронавирус вакцинасын өндіруді мақсат еткендерін білдірді. Министр Бәсекелес секторлар бағдарламасының таныстыру жиналысына қатысты. Министр артынан отандық вакцина жөніндегі сұрақтарға жауап берді.  

Министр вакцина жетілдіру процесінің өте күрделі және ұзын екеніне назар аударып,  Кайсери қаласындағы вакцина кандидатының қазір екінші саты зерттеу жұмыстарын бастағанын айтты. Варанк Коронавирус Түркия платформасы шаңырағы астында  Түркия Ғылыми зерттеулер мекемесі мен министрліктің қолдауын алған жобалар бар екенін еске салды. «Платформа шеңберінде жаңалықшыл, әлемде аз өндірілген вакцина кандидаттарын жетілдіргіміз келеді. Осылардың бірі вируске ұқсас бөлшектер вакцинасы.  Әлемде тек екі ел осындай вакцина түрімен айналысып жатыр» деді ол.

Түркия Дәрі-дәрмек және медициналық жиһаз мекемесіне (TİTCK) үш вакцина үшін өтінім берілгенін айтқан министр Варанк: «Мекеме бекіткеннен кейін адамдарға сынақ жасау бастаймыз.  Бұйырса, жылдың аяғына дейін өзіміздің отандық вакцинамызды өндіреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар