Министр Акар Ходжалы қырғыны фотокөрмесін ашты

Ұлттық Қорғаныс министрі Әзербайжанның Стамбулдағы Бас консулдығы дайындаған көрмені аралады.

1599273
Министр Акар Ходжалы қырғыны фотокөрмесін ашты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік Қарулы күштерінің қолбасшылар делегациясымен бірге 1992 жылы 26 ақпан күні армяндардың 613 Әзербайжан азаматына жасаған Ходжалы қырғынының 29 жылдығында құрбандарды еске алды.

Акар Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер, Құрлық күштері қолбасшысы генерал Үміт Дүндар, Әскери-теңіз күштері қолбасшысы адмирал Аднан Өзбал және Әуе күштері қолбасшысы генерал Хасан Күчүкакйүзмен бірге Орталық армия үйінде ашылған «Ходжалы қырғынының 29-жылдығы» тақырыпты фотокөрмені ашты.

Әзербайжанның Стамбулдағы Бас консулдығының ынтымақтастығымен дайындалған көрмені аралаған Акар және қолбасшылар фотосуреттер туралы ақпарат алды.

Министр Хулуси Акар «29 жыл бұрын Ходжалыда аяусыз түрде қырылған Әзербайжан азаматы бауырларымызды Алланың рақымымен еске аламын. Олар бастан кешкен қырғынның қайғысын бөлісеміз. Бұл қырғынды ұмытпаймыз, ұмыттырмаймыз. Дегенмен болашаққа бағытталамыз. Ходжалыда шейіт болған барлық азаматтарға Алланың рақымын тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар