Алтун Steve Chabot-тың сөздерін бағалады

Алтун: "Маңызды НАТО одақтасы ретінде Сириядағы бейуаз адамдарды режимнен және террористерден қорғаудамыз" деді.

1594611
Алтун Steve Chabot-тың сөздерін бағалады

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун АҚШ Конгресс мүшесі Steve Chabot-тың сөздері Түркия мен АҚШ одақтастығының  жағдайын көрсеткенін айтты.

Алтун әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде "Steve Chabot-тың түрік халқы Вашингтоннан күткен қолдауды ұсынғанын" білдірді.

Steve Chabot-тың сөздері Түркия мен АҚШ одақтастығының  жағдайын көрсеткенін айтқан Алтун:

"Маңызды НАТО одақтасы ретінде Сириядағы бейуаз адамдарды режимнен және террористерден қорғаудамыз" деді.

Steve Chabot Твиттер желісінен:

"НАТО одақтасы Түркия Сирияда бейуаздарды залым Асад режимі мен оның қолдаушыларынан қорғауда алдыңғы шепте орын алуда. Түркия Идлибте шейіт болған 33 әскерінің жылдығында, шын жүректен түрік халқы мен шейіт отбасыларының қасындамын" деп жазды. 



Ұқсас жаңалықтар