NASA-дағы жұмысын тастап Байкарға келді

Түркияның аспандағы мақтанышы -  Bayraktar TB2

1592938
NASA-дағы жұмысын тастап Байкарға келді

Америка Құрама Штаттары Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармаcының (NASA) Марсқа барып қонған көлігін жасауда міндет атқарған бір түрік инженер Байкар компаниясына келді.

Байкар компаниясының бас директоры Халук Байрактар Түркияның аспандағы мақтанышы -  Bayraktar TB2-ні түсіндірді.

Ол Қарабахтағы Әзербайжан-Армения соғысында орыс әскери жүйелерінің Байрактарды тоқтата алмағанын атап көрсетті. «Көрдіңіздер, Bayraktar TB-2-ні бір сағатқа да тоқтата алмады. Қарабах жеңісінде елуден астам әуе қорғаныс жүйесі, 140 шақты танк және жүздеген зымыран атқыш жойылды» деді ол.

Байрактар Израильдің түрік әуе жүйелерін жақыннан бақылап отырғанын, Израильдің Герондарды өндірген компаниясының Байкарды ешкім танымастан бұрын 2004 жылы өздеріне серіктестік ұсынғанын білдірді. Ол NASA-ның Марсқа қонған көлігін жасауда міндет атқарған бір түрік инженердің де өз командаларына қосылғанын хабарлады.

«Бір жылда «Анадолы» кемесіне автоматты түрде қонып, көтеріле алатын қарулы дрон жасау мақсатымыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар