Шетелдегі жастар үшін оқу семинары

YTB  «Адам құқықтары онлайн оқу семинарын» ұйымдастырады.

1589895
Шетелдегі жастар үшін оқу семинары

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы (YTB) шетелдегі түрік азаматтары  және  “көгілдір» картқа ие студенттер үшін  «Адам құқықтары онлайн оқу семинарын» ұйымдастырады.

Басқарманың хабарламасында 29-31 наурыз күндерінде болатын семинар арқылы шетелде өмір сүретін жастарға адам құқығы, жікшілдік,  жек көрушілік,  Еуропа Адам құқықтары соты және қатысты халықаралық ұйымдардың құрылымы туралы білім берілетіні айтылды.

Түрік тілінде өтетін оқу семинарына шетелде тұратын 30 жас және одан кіші түрік азаматы немесе «көгілдір карты» бар азаматтар, әлеуметтік ғылымдар саласында оқитын 3-4 курс студенттері мен магистратура оқитындар өтініш бере алады.

Оқу семинарына 14 наурыз күніне дейін өтініш қабылданады.



Ұқсас жаңалықтар