"Оруч Реис" кемесі жолға шықты

"Оруч Реис" сейсмикалық зерттеу кемесі ауа шарттарының нашарлауына орай 16 ақпанда Демренің Чайагзы кемежайына келген болатын.

1586400
"Оруч Реис" кемесі жолға шықты

Жерорта теңізінің шығысында барлау жүргізіп жатқанда нашар ауарайы себепті Анталияға қайтқан "Оруч Реис" сейсмикалық зерттеу кемесі аймақтан кетті. 

"Оруч Реис" сейсмикалық зерттеу кемесі жөндеу жұмыстарынан кейін Анталия кемежайынан шығып, Жерорта теңізінің шығысында сейсмикалық барлау жүргізді. 

Жұмысын жалғастырған "Оруч Реис" сейсмикалық зерттеу кемесі ауа шарттарының нашарлауына орай 16 ақпанда Демренің Чайагзы кемежайына келіп тоқтады. 

"Оруч Реис" кемесіне атқосшы болған "Атаман" және "Шыңғысхан" атты екі сүйреуші кеме де Чайагзы кемежайына келіп тоқтады

Жерорта теңізінің шығысында шыққан дауыл мен нашар ауарайы шарттары себепті Демреге келген үш кеме екі күннен кейін аймақтан жолға шықты. 



Ұқсас жаңалықтар