"Бірлігіміз ең мықты кезеңдеміз"

Президент жастарға үн қатты.

1582578
"Бірлігіміз ең мықты кезеңдеміз"

Президент Режеп Тайып Ердоған барлық арандатушылыққа қарамастан түрік ұлтының бірлігінің ең мықты кезеңінде екенін айтты.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының он бір қаладағы Жастар фракциясының 6-шы кезекті құрылтайына тікелей эфирмен қатысты.

Ол жастардың табыстарын мақтан тұтатынын айтты. «Енді өз тактикасын жүргізетін тәуелсіз Түркия бар.  Түркия өсіп өнген сайын жастарымызға да карьера мүмкіндігін ұсынып отырмыз. Отандық көлікті сендер жасайсыңдар. Еліміздің атынан ғарышқа сендер ұшасыңдар. Цифрлық әлемді сендер құрасыңдар. Университеттерімізді ұшқары топтардың іс-әрекет алаңы болудан құтқарып,  ғылым ошағына сендер айналдырасыңдар.  Әлемде үздік бес жүз университет қатарына кемінде он университеттің енуін сендер қамдайсыңдар» деді ол.

Президент: «Барлық арандатушылықтарға қарамастан ұлтымыздың бірлігі ең мықты кезеңдеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар