Президент Ердоған темекіні тастауға шақырды

Ердоған «9 ақпан - Дүниежүзілік темекі шегуден бас тарту күніне» орай хабарлама жасады.

1580456
Президент Ердоған темекіні тастауға шақырды

Президент Режеп Тайып Ердоған «9 ақпан - Дүниежүзілік темекі шегуден бас тарту күніне» орай темекіні тастауға шақырды.

Президент Ердоған әлеуметтік медиа аккаунттарынан соңғы бір жылда темекіге тәуелділіктің әлемдегі жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) шығындарының, жол-көлік оқиғаларының, кісі өлтірудің, соғыс пен қақтығыстардың барлығынан көп адамның өмірін қиғанын көрсететін мәліметтер орын алған бейне көрініс бөлісті.

Ердоған хабарламасында «9 ақпан – Дүниежүзілік темекі шегуден бас тарту күнінде азаматтарымызға тағы бір рет шақыру жасағым келеді. Келіңіздер, жаңа бастама болсын. Жақындарымызды емес, темекіні тастайық» деді.



Ұқсас жаңалықтар